Қазақстанның екі облысында тасжол жабылды

13.03.2025 14:29

Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған

Amanda Sandlin/unsplash.com/

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 13 наурыз сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан ауылы).

Қостанай облысы:

  • «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Есікті теуіп, сындырған: Атырауда екі әйел сот мүлкіне зиян келтіргені үшін жазаланды