Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атлантикалық циклон және фронтальды ағындар арқылы ҚР көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің батысында, шығысында, оңтүстігінде антициклон сілемі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан қатты жел соғуы мүмкін.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +2...+4°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +13...+15°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +18...+20°C.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +5...+7°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз 0...+2°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -1...+1°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +13...+15°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +2...+4°C.
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +17...+19°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -2...-4°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +1…+3°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз 0...+2°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +12...+14°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +14...+16°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +18...+20°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +15...+17°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз 0…+2°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 наурыз аралығында ауа райы қандай болады