Көктемнің алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы қандай

spectrumnews1.com
spectrumnews1.com

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, ҚР оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ, солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында,  орталығында жаяу бұрқасын болып, батысында солтүстігінде жел күшейеді.

Астанада ауыспалы бұлтты, аздап қар жауады, тұман түседі. Жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -16-18°, күндіз -5-7° болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз +1+3° болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі. Жел екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3°, күндіз +8+10° болады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман.

Ұлытау облысының батысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Онтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алғашқы ораза: қалай жеңіл ұстауға болады

Новости партнеров