Кей өңірде жаңбыр жауады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

20.10.2024 09:34

Республика бойынша жел күшейеді

elements.envato.com

Синоптиктер 20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райын сақталады. Елдің батыс аймақтарында ауа райын оңтүстік циклон шұңқыры қалыптастырады, жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.

Оқи отырыңыз: Қараша айында ауа райы қандай болады