Алматыда 14-20 қазан аралығында ауа райы қандай болады

15.10.2024 21:46

Синоптиктер бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазанның екінші жартысын табиғаттың алуан түске боялып, мизамшуақ жылуына бөленген ерекше кезеңі деуге болады. Аула сыпырушылардың да жұмысы көбейіп, жапырақтар саудырап түсе бастаған бұл шақта ауа райы да мың құбыла бастайды.

Алдағы аптада мегаполис тұрғындарын ауа райы қандай тосынсый күтіп тұрғанын синоптиктерден білетін боламыз.

  • Дүйсенбі, 14 қазан, көшпелі бұлт шығады, күндіз +17, түнде +11°C;
  • Сейсенбі, 15 қазан, көшпелі бұлтты, күндіз +18, түнде +10°C;
  • Сәрсенбі, 16 қазан, жаңбыр, күндіз +14, түнде +10°C;
  • Бейсенбі, 17 қазан, көшпелі бұлт шығады, күндіз +13, түнде +2°C;
  • Жұма, 18 қазан, көшпелі бұлт шығады, күндіз +11, түнде +6°C;
  • Сенбі, 19 қазан, көшпелі бұлт шығады, күндіз +15, түнде +9°C;
  • Жексенбі, 20 қазан, көшпелі бұлтты, күндіз +14, түнде +9°C.

Материал world-weather.ru сайтының дерегі бойынша әзірленді.

Оқи отырыңыз: Қазан айында ауа райы қандай болады