Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Құтқарушылар мән-жайды айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самара тасжолының 101-шақырымында жауын-шашын мол жаууына және жел күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 м3 қар көшкіні түскен.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол тазартылды. 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар тасжолдарға қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаған жөн.