Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктер 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еліміздің аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыз боулына әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде қарлы боран болады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстікте, батыста көктайғақ болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, аздап қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күннің соңында қар жауады, таңертең тұман, көктайғақ, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, көктайғақ болады, тұман түседі, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +10...+12°C.
Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…-2°C.
Атырауда күн бұлтты, жаңбыр, қар, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +2...+4°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -5...-7°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ, тұман, жел 3-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12, күндіз -5...-7°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16, күндіз -7...-9°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -4...-6°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +4...+6°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -4...-6°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -7...-9°C.
Семейде күн бұлтты, қар жауады, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -5...-7°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -1...+1°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, көктайғақ, тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +2...+4°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз -1...+1°C.
Өскеменде күн бұлтты, қар жауады, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -3...-5°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 ақпан аралығында ауа райы қандай болады