Республика бойынша тұман түсіп, жел соғады
Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Циклондар легі мен фронтальды ағынға байланысиы елімізде қар, батыс өңірлерде қатты қар, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында атициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман, жел, республиканың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -2...-4°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +8...+10°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыс орталығында 15-20 м/с.
Түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Атырау облысында түнде қар, облыстың оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қарлы боран соғады. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында қалың қар жауады. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батыстан, солтүстіктен, облыс орталығында екпіні 15-20, облыс орталығында кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың батысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде қар жауады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екіпіні күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Күннің соңында Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың таулы асуларында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Оқи отырыңыз: Жазушы Дулат Исабеков дүниеден өтті: Президент көңіл айтты