Республиканың кей өңірінде қар жауады
Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Астанада құбылмалы бұлтты, қар жауады, жаңбыр жауады, бұрқасын, жел 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз 0...-2°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз -4...-6°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +5...+7°C.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оралда да аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Қонаевта түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүріп, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Жезқазғанда да тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі, көктайғақ, тұман болады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ, тұман болады. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз де аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді.
Павлодар облысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Оқи отырыңыз: Алматыда 3-9 ақпан аралығында ауа райы қандай болады