Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Солтүстік антициклон ҚР басым бөлігінің ауа-райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады. ҚР бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -11...-13°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түүнде -5...-7°C, күндіз +2...+4°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +11...+13°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -2...-4°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 7-12 жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -6...-8°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -8...-10°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -12...-14°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -7...-9°C.

Конаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ, 9-14 м/с жел тұрады, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз 0...+2°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -8...-10°C.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -1...-3°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -10...-12°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде жел 5-10, күндіз 9-14 м/с, тұман түседі. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -7...-9°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -25...-27°C, күндіз -15...-17°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -1...+1°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +6...+8°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, 8-13 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +11...+13°C.

Оралда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -4...-6°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -28...-30°C, күндіз -16...-18°C.

Оқи отырыңыз: Екпінді жел, тұман, көктайғақ: елімізде ақпанда ауа райы қандай болады

Новости партнеров