ТЖМ автокөлікпен қар құрсауында қалған жүргізушілерге арнайы нұсқаулық ұсынды, деп хабарлайды, Almaty.tv.
- Сабыр сақтаңыз. Үрей жағдайды нашарлатады.
- Қозғалтқышты сөндірмеңіз. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрса, жылу мен аккумулятордың зарядын ұстап тұрады.
- Апаттық сигналдарды қосыңыз. Бұл басқа жүргізушілерге сіздің автомобильді көруге көмектеседі.
- Құм немесе тұзды қолданыңыз. Егер бар болса, дөңгелектердің астына себіңіз.
- Егер жағдай жақсармаса, автомобильде қалып, құтқарушыларды күтіңіз.
- Мобильді телефонды қолыңызда ұстаңыз. Егер мүмкіндік болса, жағдайыңыз бен орналасқан жеріңізді хабарлаңыз.
- Жолда сақ және мұқият болыңыз!
Оқи отырыңыз: Алматыда 3-9 ақпан аралығында ауа райы қандай болады