Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 470 арнайы техника мен 951 маман жұмылдырылды
"ҚазАвтоЖол" 3 облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылғы 26 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы - Жезқазған қаласы).
Қызылорда облысы:
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы - Ұлытау облысының шекарасы)
Жетісу облысы:
- «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).
-«Сарыөзек – Көктал» автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі).
Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 470 арнайы техника мен 951 маман жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кетті