Үш облыстағы төрт республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

MAKSIM ZAVIKTORIN/unsplash.com/
MAKSIM ZAVIKTORIN/unsplash.com/

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 584 арнайы техника мен 1374 маман жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚазАвтоЖол үш облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 28 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы-Қызылорда облысы шекарасы);

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы-Арал қаласы);

Маңғыстау облысы:

- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-642 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы - Шетпе ауылы);

- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 642-786 шақырым аралығы (Шетпе ауылы - Ақтау қаласы);

- «Ақтау-Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы - Құрық ауылы);

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 584 арнайы техника мен 1374 маман жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

 

Новости партнеров