Ақтөбе облысында аязды күні жолда қалған 170 шетелдік азамат құтқарылды

Жүргізушілер құтқарушылар мен полицияның ескертуін елемеген күйі жолға шығып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысындағы тасжолдардан бүгін түнде 170 шетелдік азамат құтқарылды. Олардың жолда қалуына 30 градустық аязға шыдамай бұзылған автобустар себеп болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жолаушылардың алғашқы тобы, яғни, 82 адам, оның қатарында 3 бала Ырғыз ауданындағы Самара-Шымкент тасжолының бойындағы кемпингке жеткізіліпті.

Қобда ауданында тағы 25 адам құтқарылған. Ал бүгін таңертең Әйтеке би ауданында Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған енді бір автобус бұзылып, оның 61 жолаушысы бірден жақын маңдағы жылыту пунктіне жіберілді.

Атап өтейік, аймақтағы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірінші ауысым оқушылары сабақтан босатылған еді.

"Полиция қызметкерлері қатты аяз салдарынан тасжолда қалғандарға тәулік бойы көмек көрсетуде. 23 қаңтарға қараған түні Ақтөбе облысында 30 градус аязға қарамастан, кейбір жүргізушілер құтқарушылар мен полицияның ескертуін елемеген", - деді Полиция департаменті патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Жамбыл Нұрәлиев.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз орнатылған 500-ге жуық дүңгіршек сүріледі

Новости партнеров