Жексенбінің ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Kae Anderson / Unsplash
Kae Anderson / Unsplash

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде өз әсерін сақтайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр, күндіз солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл соғады, солтүстігі мен орталығында бұршақ жауады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында 3 градус үсік жүру мүмкін.

Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +10...+12°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +14...+16°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +10...+12°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +16...+18°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +12...+14°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +18...+20°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +15...+17°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +12...+14°C.

Семейде аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +28...+30°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +28...+30°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +13...+15°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +27...+29°C.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров