Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК-сы 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің аумағында қар мен жаңбырдың жаууына себеп болады. Солтүстік өңірлерде қар, оңтүстікте, оңтүстік – шығыс бөлігінің таулы аудандарында нөсерлетеді.
Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 20-26 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады