Үкіметтің алғашқы отырысы жаңа Премьер-министрлердің ант қабылдауынан басталды
Бүгін Үкіметтің жаңа құрамының бірінші отырысы басталды. Министрлер кабинетіне алғаш енген шенеуніктер Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант қабылдауынан басталды.
Осыдан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ант қабылдады.
Өз кезегінде жаңа министрлер «Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», – деп ант берді.