Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамалды

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамалды
Оған жемқорлық бабы бойынша айып тағылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова 2 айға қамалды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

"Сот Нұрсәуле Сайлауованы 2 айға қамауда ұстау туралы шешім шығарды", - делінген аталған хабарламада. Сот санкциясы 20 наурыз күні шыққан.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, Сайлауова әкімдікте әлеуметтік салаға жауапты болған. Оған жемқорлық бабы бойынша айып тағылып отыр.

Нұрсәуле Сайлауова облыс әкімінің орынбасары қызметіне 2017 жылдың соңында тағайындалған болатын. 2019 жылдың 15 қаңтарында ол қызметінен босатылды.

Новости партнеров