Әсет Исекешев Тұңғыш президент қорының басшысы атанды
Әсет Исекешев жаңа қызметке келді, деп xабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бас қаланың бұрынғы әкімі және президент әкімшілігінің экс-басшысы Әсет Исекешев Тұңғыш президент қорының басшысы атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қорының директоры болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.