Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады
20 маусым түнде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ертең Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді», - делінген хабарламада.