ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің басшысы қызметінен босатылды

15.03.2019 15:52

Ислам Әбішев Су ресурстары комитетін 2012 жылдан бері басқарып келген

BNews.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен босатылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер басқа мәлімет айтпады. Ислам Әбішев Су ресурстары комитетін 2012 жылдан бері басқарып келді.

Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі, ОҚО әкімінің орынбасары, Өскемен әкімі қызметтерін атқарған.