Бүгін Мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.