Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

26.10.2023 16:01

Өзара ынтымақтастық нығая түседі

Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.

 - Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты