Қатысушылар жер мәселесін талқылайды
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қатысушылар жер мәселесін талқылайды және ауылдардағы әкімдерді сайлау мәселесін қозғайды. Бұдан басқа, елді дамыту жолдары, бұрын айтылған ұсыныстарды іске асыру барысы талқыланады, бірнеше жаңа бастама айтылады.
Бұған дейін Тоқаев Ұлттық кеңес мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездескен болатын. Ол жаһандық компаниялармен ынтымақтастық негізінде инвестициялар тарту тәсілдерін жетілдіру, ақша-кредит саясаты мәселелерін талқылады, сондай-ақ отандық "ми орталықтарын" дамыту жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.