Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

20.10.2021 17:36

Президент дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады

facebook.com / Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады», – деп жазды БерікУәли.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады.