Қалмұханбет Қасымов Президент өкімімен мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол осыған дейін ішкі істер министрінен бастап түрлі лауазымды қызметте істеген. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болған еді.
Ал, Әнуар Садықұлов еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып жайғасты. Анығырақ айтқанда, «А» арнаулы мақсаттағы қызметтің директоры болды. Ол осыған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған.
Әзімхан Жүсіпов еліміздің күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.