Ал бос жатқан жерлер спутник арқылы анықтап, заңдастырылады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тәуелсіздік сарайында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы өтіп жатыр. Осы жылдың шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды. Ал, бүгін аталған кеңес өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық кеңестің төрағасы ҚР Президенті Тоқаев, ал орынбасары Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы - президент кеңесшісі Ерлан Қарин.
Жиынға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдері қатысуда. Отырысты ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін дәл қазір көптің көкейінде жүрген мәселеден бастады. Ол барлық қазақ жұртына, ұлтымыздың жанды жері саналатын жер мәселесі. Сатылмақ түгіл шетелдіктерге жалға да берілмейді деді.
«Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылып, шет мемлекеттің 55 ескі зауыты тасымалданып, оған мыңдаған шетелдік жұмысшы тартылады деген қауесет тарады. Біздің халық мұндайға сенбеуі керек. Мұндай қауесетті адамдардың патриоттық көңіл-күйлерін айла-шарпып, эмоционалды, эпатажды адамдарды өздерінің белгілі бір мақсаттарына қол жеткізу үшін қаскөйлер қолданады», – деп мәлімдеді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте қоғам қайраткері, экономист Мұхтар Тайжан бастаған тұлғаларда Президентке жер шетелдіктерге сатылмауын, жалға да берілмеу керектігін ұсынды. Ал бос жатқан жерлерді спутник арқылы анықтап, заңдастыру көкейкесті мәселелердің бірі. Кеңесте билік тізгінін қабылдайтын жас мамандар резерві дайындалып жатқаны мәлім болды. Мақсаты айқын, белсенді жастарға күрделі өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына мүмкіндік берілмек. Олардың бизнеспен айналысуына жағдай жасалады. Қабілетті және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға білім алу үшін гранттар бөлінбек.