Нұр-Сұлтанда Үкімет пен Nur Otan партиясы Мәжілістегі фракциясының жиналысы өтіп жатыр

18.10.2019 17:59

Алқалы жиында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда

Дәл осы сәтте астанамызда Елбасының төрағалық етуімен Үкімет мүшелері мен Nur Otan партиясы Мәжілістегі фракциясының   жиналысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол туралы Тұңғыш Президентіміздің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter парақшасында жазды. Алқалы жиында негізінен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда.

Айта кетейік, тамыз айында елордада өткен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы аясында бірқатар тапсырламалар жүктелген болатын. Атап айтар болсақ, жемқорлықпен күресу, партия құрамын «тазалау», барлық салаларда саяси күштің жауапкершілігін арттыру міндеттері қойылған еді.

Теги: Совещание