Бақытжан Сағынтаев Үкіметтен Алматыны дамытуға бағытталған шараларды қолдауды өтінді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қала басшысы мегаполистің бірқатар проблемалық мәселелеріне тоқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мегаполисті экономикалық-әлеуметтік бағытта дамыту турасында жиналыс өтті. Жиналыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала басшысы мегаполистің бірқатар проблемалық мәселелеріне тоқталды. Ол өз кезегінде «Шетсіз қала» принципі бойынша қаланың орталығы мен шет жақтарын бір деңгейде дамыту арқылы алматылықтарға жайлы өмір сыйлауды көздейді.

«Бұл мәселе алдағы бес жылда жүзеге асырылмақ және оған 800 млрд.теңгені қажет етеді. Екіншіден, бүгінде қала тұтас бюджетке айтарлықтай салсақ салып отырғандықтан, бюджеттік қаржыландыру мәселесін жүйелі түрде шешу қажет. Әлеуметтік шығындардың өсуі республикалық бюджет трансфертінен тиісті орнын ала алмай отыр.  

Басты себеп – агломерациялық процестердің үдей түсуі және осыған байланысты миграцияның күрт өсуі,  ал бұл әлеуметтік, тасымалдау және инженерлік инфрасқұрылымдық шығындардың көбеюіне алып келуде.

Ал бұл шығындар республикалық бюджеттен бөлініп отырған жоқ. Тиісті қаржыландырусыз – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту міндеті, «қолжетімділік» принципі бойынша әлеуметке жайлы жағдай туғызу мәселесін шешу мүмкін емес» – деді Бакытжан Сағынтаев.

Қаржыландырудың түрлі қайнар көзімен қамтамамыз етудің тағы бір жүйелі шешімі – ұзақмерзімді келісім негізінде қаланың құзырын кеңейту болып табылады.

«Алматының бәсекелестік артықшылығы – халықаралық рейтинг мақұлдаған жақсы бизнес-климат, адами капитал және мықты кәсіпкерлік қауымдастық, осылардың барлығы қала мен Қазақстанның экономикасына қызмет етуі керек», – деді қала әкімі. – Сондықтан мен көтерген осы мәселелер төңірегінде Сіздің Үкіметке тапсырма беруіңізді өтінемін».

Новости партнеров