Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің өкілеттігі тоқтады

Фотоколлаж: tengrinews.kz
Фотоколлаж: tengrinews.kz
Әйтсе де олар жаңа басшы тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және басқа да облыс әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл шешім Қазақстан республикасы Конституциясының 87-бабы 5-тармағына сәйкес қабылданыпты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа да қол қойды. Әзірге әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары орындарына жаңа басшы тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.


Новости партнеров