Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады
Тоқаев Amanat партиясының съезін шақырды Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Facebook-парақшасында мәлімдеді.
«Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған», – деді Amanat партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов.