Олар бүгіннен бастап 12 маусымға дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді
Ішкі істер министрлігінің өкілі сайлау күні қоғамдық қауіпсіздіктің қалай ұйымдастырылатынын айтып берді. Полицейлер бүгіннен бастап 12 маусымға дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бізде елімізде күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 10 мың тәртіп сақшысы жұмылдырылады. Сайлау күні сайлау учаскелеріне 20 мыңға жуық полицейді бағыттаймыз. Бюллетендерге ілесіп жүріп, күзетуге де мамандар бөлінетін болады», – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат БАЙБОЛОВ.
Мақсат Байболовтың айтуынша, елорда мен өзге де ірі қалалардағы қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге өңірлік тәртіп сақшылар тартылмайды. Нұр-Сұлтанда полицейлер жеткілікті, сондықтан ондай қажеттілік жоқ дейді.