Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

12.08.2019 20:07

Әукеновтың басшылығымен Алматы қаласының көлік реформасы белсенді түрде жүргізілді

Ерлан Әукенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды қала әкімінің қоғаммен байланыс қызметі.


Ол бұл қызметке 2015 жылы келген болатын. 4 жылда кәсіпкерлік, баспана, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік әл-ауқат, жол мәселелерімен айналысты. 

Бұрынғы орынбасар әлеуметтік желіні белсенді қолданатын. Алматыдағы LRT желісінің құрылысы, BRT желісі туралы, қалалық автобус паркінің жаңаруына қатысты көп пікір білдірген болатын.


Теги: замакима