12 желтоқсанда Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

08.12.2022 20:11

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі

ашық дереккөзден

12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БОРТ №1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», - делінген мәліметте.