Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.
Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген.
Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 22 апреля 2019 г.