Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдердің халықаралық күніне орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу туралы шешім қабылдады , - деп хабарлайды Almaty.tv.
"Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін", - деп жазды Президент.
Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 2, 2020