Украина елшісі Қазақстаннан кететін болды

05.10.2022 20:40

Мұндай шешімді Украина тарапы түсіністікпен қабылдап, оны еліне қайтару туралы келісімге келген

Украина елшісі Қазақстаннан кететін болды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми өкіл Айбек Смадияровтың сөзінше, Петр Врублевский қазақстандықтардың, әсіресе этникалық орыстардың сезіміне нұқсан келтіретін қолайсыздық жасаған. Бұл әрекеті үшін ол елімізде «жағымсыз» деген мәртебе алыпты. Мұндай шешімді Украина тарапы түсіністікпен қабылдап, оны еліне қайтару туралы келісімге келген.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы тең құқылы стратегиялық серіктесік қатынастардың сипатына сәйкес келмейтінін атап өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, Украина тарапына Врублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ұстанымы жеткізілген болатын. Қазіргі таңда Украина СІМ Астанада жаңа елші тағайындау туралы өтініш келді», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ Айбек Смадияров, Ресей Елшісінің Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылғанын атап өтті. Кездесу барысында ресейлік дипломат Мария Захарованың мәлімдемесі қарастырылмақ. Мұнымен қоса, Украина Елшісіне қатысты ресейлік тараптың талаптары да талқыланады деп күтілуде.

«Елшіні шақырып, оған нота беру деген – ол дипломатиялық ара қатынасты үзудің алдындағы қадамның бірі. Қазіргі жағдайда Қазақстан шартпа-шұрт қадамдарға бармау керек сияқты. Барынша мәселені дұрыс шеше алатын болса, шешкені абзал», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым.