Алматы әкімі Nur Otan партиясында азаматтарды қабылдады

Алматы әкімі Nur Otan партиясында азаматтарды қабылдады
Бұл жолы алматылықтар тұрғын үйді бөлу, жер қатынастары, абаттандыру және балалар алаңдарын салу мәселелерін қозғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бүгін Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды қабылдадым. Алматылықтарды тұрғын үйді бөлу, жер қатынастары, абаттандыру және балалар алаңдарын салу мәселелері толғандырады» - деді Б. Сағынтаев.  Бұл туралы әкім өз Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл жолы алматылықтар тұрғын үйді бөлу, жер қатынастары, абаттандыру және балалар алаңдарын салу мәселелерін қозғады. Қала әкімі сұрақтардың барлығы ретімен шешімін табатынын, қабылдауға келгендерге заң шеңберінде көмек көрсетілетінін айтты.

«Әрбір өтініш қаралады және өзінің шешімін табатын болады. Қалалықтарды біздің ести алатынымызды және түсінетінімізді, олардың өтініштерін назардан тыс қалдырмайтынымызды білуі біз үшін маңызды» - деді Б. Сағынтаев.

Жалпы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдар басшылары 13,5 мыңнан астам тұрғынды қабылдады. Жеке өтініштер бойынша түрлі алаңдар жұмыс жасайды, олар – мобильді байланыстар, консалтингтік орталықтар, бастауыш партия ұйымдарындағы, әкімдіктер мен мемлекеттік органдардағы қоғамдық қабылдаулар.

Новости партнеров