Қосановтың штабы Нұр-Сұлтанда үгіт-насихат жүргізуде

Қосановтың штабы Нұр-Сұлтанда үгіт-насихат жүргізуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының мүшелері Елордада үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған үнпарақтарды таратуды қайтадан қолға алды. Кандидаттың ұстанымдарын барынша көп адамға жеткізу үшін бұл іске еріктілер мен белсенді жастар да тартылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз қазіргі таңда қала бойынша Әміржан Қосановтың үгіт-насихаттарын жүргізіп, «Ұлт тағдыры» сайлауалды платформасын таратып жүрміз», – деді ҚР 

Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының мүшесі Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ.  

Ал, Ә. Қосановтың өзі Алматы жұртшылығымен кездесті. Оның сайлауалды бағдарламасын талқылап, жекелеген бағыттар бойынша ой қосуға жергілікті белсенділермен қатар жастар да келді.

«Алматының орны бөлек. Қалай болғанда да ол – Тәуелсіздіктің тұғыры, алтын бесігі ғой. Өзінің либералды-демократиялық көзқарасымен көзге түскен Алматы сайлауда өзінің шешуші сөзін айтатынына сенемін. Сонымен бірге біз негізгі бағытымызды жастарға арнап отырмыз. Бүгінгі біздің кездесуге келуге жастар ниетін әлеуметтік желі арқылы маған хабарласып, бағдарламаға өз ұсыныстарын айтып та жатыр», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан ҚОСАНОВ.

Новости партнеров