Мемлекет басшысы Физулиде Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысты

Акорда
Акорда
Орталық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қысқа мерзім ішінде салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заманауи инновациялық орталық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың атынан бауырлас әзербайжан халқына гуманитарлық тарту ретінде қысқа мерзім ішінде салынды.

– Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті Физули жұртшылығы

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты

Новости партнеров