AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы болып Мейіржан Отыншиев сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы екі жылда алматылықтар арасында «Халыққа көмек» және «Заңгерлік көмек» партиялық жобалары өзекті болды. Мұндай мәліметтерді Алматыдағы аманаттықтар кезектен тыс ХХХІ партия конференциясында жария етті. Келтірілген ақпаратқа сәйкес, жұмыс орнында құрылған бастауыш партия ұйымдарына, кәсіби заңгерлердің, адвокаттардың және медиаторлардың тегін кеңестерін беретін Қоғамдық қабылдау бөліміне де қала тұрғындары жүйелі түрде жүгінген.
«Алматылықтармен партиялық, қоғамдық, діни немесе басқа көзқарасына қарамастан, тұрақты өзара байланыс орнату бізге осы уақыт ішінде олардың қажеттілігін білуге, сондай-ақ олардың бастамасы мен ұсынысына жауап беруге, мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Осылайша, жақсы үйлестірілген жұмыстың және сұрақтарын шешу тәжірибесінің арқасында екі жыл ішінде Алматы қаласындағы партия филиалдарына 16 мыңнан астам тұрғын өтініш білдірсе, оның 61%-ы оң шешімін тапқан, қалған 38%-ы бойынша түсініктемелер берілді», – деді конференция қорытындысы бойынша AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланған Мейіржан Отыншиев.
Оның кандидатурасына қалалық конференцияның 100-ден аса делегаттары дауыс берді.
Конференция жұмысына AMANAT партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек те қатысты. Ол бұл сайлау Алматы сияқты мегаполисте саяси жаңғыруға ықпалды серпін беретінін, Мемлекет басшысының бастамаларын одан әрі іске асыру бойынша өзара жауапкершілікті арттыратынын атап өтті.
М. Отыншиевтің кандидатурасын қолдаған қазақстандық ғалым Рахман Алшанов пен көпбалалы ана Сана Жандай сөз сөйлеп, партияның қалалық филиалын басқарған соңғы екі жылда Мейіржан Отыншиевтің басшылығымен партия ішіндегі тұрақтылық пен атқарылған жұмыстардың сапасына тоқталды. Ол және басқа да партия белсенділері ел үшін қиын жағдайда филиал басшылығының тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне назар аударды.
Конференция қатысушылары қалалық филиалдың нақты ұйымдастырушылық аспектілеріне де тоқталып, партияның қаңтар оқиғасы күндерінде және одан кейін тонаушылардан зардап шеккен кәсіпкерлерге және табиғи апаттан зардап тартқан аймақтарға жедел көмек көрсетіп, республикалық референдум мен елдегі Президент сайлауының ақпараттық-түсіндіру іс-шараларында белсенді атсалысқанын айтты.
«Мәселен, соңғы жылдағы қайырымдылық шараларынан екібастұздық балалардың қысқы демалысын ұйымдастыруды сенімді түрде атауға болады. Алматыға құлшыныспен келген мектеп оқушыларының демалысын қамтамасыз еткен партия мүшесінің қатарында өзім де болдым. Мейіржан Отыншиевтің Алматыдан бөлек өңірдің балалары мен жасөспірімдеріне осындай жарқын есте қаларлық сәт сыйлап, маған сенім білдіргеніне қуаныштымын. Сондықтан бүгінгі конференцияда мен дауысымды оған бердім», – деп бөлісті конференциядан кейін АМАNАТ партиясының отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Диана Ерлан.