Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Сондай-ақ, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.