Депутаттар министр қызметіне Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады

25.02.2019 21:43

Мәжіліс депутаттары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпаратты Роман Склярдың өзі мәжіліс кулуарында растады.

«Иә, мақұлдады. Мен алтыншы шақырылымның депутаты болып жұмыс істеген Мәжіліс комитетінің депутаттарына өте ризамын», – деді ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұған дейін ол Инвестициялар және даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарды. Министрлікті Жеңіс Қасымбек басқарды.