Конституциялық заңның мәтіні БАҚ беттерінде жарияланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Конституциялық заңның мәтіні БАҚ беттерінде жарияланады.