Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

25.02.2019 22:43

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген хабарламада.