Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

17.05.2023 22:45

Президенттің айтуынша, Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны – ерекше

Акорда

Бүгін Бейжіңде Қазақстан мен Қытай басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, мемлекеттік сапармен келуге шақырып, құрметпен қарсы алғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны – ерекше. Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру жолындағы мақсатымыз – ортақ. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайтуды көздейтін мұратымыз да – бір. Біз үшін Қытаймен мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту өте маңызды», – деді Мемлекет басшысы.