Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім ратификацияланды

10.03.2022 22:51
ҚазАқпарат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ үкіметімен салық тәртібі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.