Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

NUR.KZ
NUR.KZ
Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруін анықтау емтихан билеттерін таңдап алды.

Ол жазбаша тапсырмада «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері» тақырыбында екі юеттік шығарма жазса, екінші тапсырмада Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан мәнерлеп үш беттік үзінді оқып береді. Ал үшінші тапсырмада еркін тақырыпта 15 минуттан кем емес сөз сөйлеуі тиіс.


Лингвистикалық комиссиясының мүшелері - Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт Қасқабасов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім және Гүлтас Құрманбаева.



Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі. Жазбаша тапсырмаға қажет болған жағдайда жарты сағатқа ұзарту мүмкіндігімен бір сағаттан кем емес уақыт беріледі. 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалуға 1 сағаттан кем емес уақыт беріледі.



Новости партнеров