Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді
Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды», деп жазды Берік Уәли.
Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.