Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды – Тоқаев

24.08.2021 00:02

Онлайн бейнебайланыс арқылы өткен жиында бірқатар мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударды

tengrinews.kz

«Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды». Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онлайн бейнебайланыс арқылы өткен жиында бірқатар мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударды. Әсіресе, оның Ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасып, Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, сондай-ақ заңсыз көші-қон мен босқындардың жаппай қозғалысы секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру қажеттігіне тоқталып, бірқатар ұсыныс айтты. Ұжымдық қауіпсіздік кеңестің кезекті сессиясы 16-ыншы қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.